Жарияланды: 270

Жапонияда 900-ге жуық адам зардап шеккен

Жексенбі күні Жапонияның шығыс бөлігінде түскен қалың қар салдарынан бір адам қайтыс болды, 900-ге жуық адам жарақат алды, деп жергілікті БАҚ мәлімдеді.

Жапония метеорологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, төменгі қысым аймағында тоғыз сағат ішінде сегіз сантиметр қалыңдықта қар түскен, бұл осы аудан үшін 2006 жылдың қаңтарынан бергі рекордтық көрсеткіш болып табылады. Эн-Эйч-Кей ұлттық телерадиотарату корпорациясы мәлімдегендей, 900-ге жуық адам Токио мен оның маңында жарақат алған, олардың көбісі соқпақ жолдарда тайып жығылған жаяу жүргіншілер және апатқа ұшыраған көлік жүргізушілер. Токионың негізді темір жол тораптары өз жұмысын қалпына келтірді, алайда темір жолдың көптеген учаскелері қар тазалауға байланысты жабық. Сейсенбі таңертеңге шаққанда, жапон әуе компаниялары жалпы 37 ішкі бағытын тоқтатқан, ал ондаған өзге бағыттар кейінгі шегерілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін