Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, олардың үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Жалпы ел аумағында сынап бағанасы 35 градус, тіпті кейбір префектураларда 37 градусқа дейін жоғарылаған. Осыған байланысты жергілікті метеорологтар тұрғындарға ауа баптағышты пайдаланып, ұзақ сапарға шықпауға және күн астында көп жүрмеуге кеңес беруде. Билік басындағылар тұрғындарға үнемі өзімен бірге салқын су ала жүруді және мейлінше жиірек ішу керектігін ескертеді, деп хабарлайды24.kz.