Жапонияда «Этау» дауылы ойран салуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда «Этау» дауылы ойран салуда

Жапонияда «Этау» дауылы ойран салуда

Жапонияда тағы да тайфун соқты. Елдің орталық бөлігінде «Этау» дауылымен бірге толассыз нөсерлі жауын жауып, елдің есін шығарды.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 410
Фото - Caravan.kz


Токио қаласының кейбір аудандары мен Канагава префектурасында сел жүру қаупі бар. Осыған орай жергілікті билік 550 мың тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берді.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, күшті дауыл салдарынан шамамен 10 адам зардап шеккен. Теміржол қозғалысы тоқтап, 50-ге жуық ішкі және халықаралық әуе рейсі кейінге шегерілді. Желдің екпіні секундына 35 метрге дейін жеткен. Синоптиктердің болжамынша, нөсерлі жаңбыр әлі де жаууы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар