Жарияланды: 420

Жапониялық және Қазақстандық сарапшылар еліміздегі ядролық нысандар мен материалдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені талқылады

Жапониялық және Қазақстандық сарапшылар еліміздегі ядролық нысандар мен материалдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені талқылады. Астанада Қазақстан аумағындағы ядролық қару сынағының зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жапония-Қазақстан аралық комитеті басқармаларының жетінші отырысы өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Жиналыста еліміздегі ядролық нысандар мен материалдардың қауіпсіздігін арттыру саласындағы өзара ықпалдастық мәселесімен бірге денсаулық сақтау, радиациялық медицина және экология саласындағы зерттеулер жайында талқыланды. Кеңес соңында тараптар бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған алдағы шараларды айқындады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін