Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шығыс Қазақстан облысымен таныстық сапарына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шығыс Қазақстан облысымен таныстық сапарына шықты

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шығыс Қазақстан облысымен таныстық сапарына шықты

31-тамыз бен 5-қыркүйек аралығында Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки Шығыс Қазақстан облысымен таныстық мақсатындағы арнайы сапарда жүр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 676
Фото - Caravan.kz

Тосио Цунодзакидің айтуынша, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалғалы бір жылдай болған дипломат осы мерзімде Шығыс Қазақстан облысына тұңғыш рет ат басын тіреп отыр.

31-тамызда Тосио Цунодзаки ұлы Абайдың туған жері Жидебай шатқалында болды. Елшінің атап көрсеткеніндей, Жапония үкіметі Семей өңіріне айрықша назар аударып, ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындарды сауықтыруға барынша қолдау көрсетуге талпынып келеді. Атап айтсақ, 1999-жылдан бері осындағы ауруханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған Жапония үкіметінің арнаулы жобасы жүзеге асырылуда.
Семейге жасаған сапары аясында Т.Цунодзаки бөлінген қаржының жұмсалу барысымен танысу үшін арнайы көмек көрсетілген мекемелерді аралауға ниет білдірді. 1-қыркүйекте елші Жапония үкіметінің қаржысымен 2003-жылдың мамыр айында тренажерлық жаттығу залы ашылған соқыр балаларға арналған мектеп-интернатты аралап көрді. Сондай-ақ, елші Жапония үкіметінің қаржысымен дезинфекциялық камера орнатылған Әлеуметтік бейімдеу орталығы мен жапондық медициналық жабдықтармен жарақталған облыстық клиникалық орталықта болды.
Сол күні елші Жапония үкіметінің қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан шағын гранттар жобасы аясында БҰҰ Даму бағдарламасының Гранттық комитетінің отырысына қатысты. Т.Цунодзаки осы Гранттық комитеттің мүшесі болып табылады. Комитет отырысында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан ұсынылған Семей өңірінің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған 9 жоба талқыланды. Т.Цунодзаки Жапония үкіметі тарапынан бөлінген қаржы мен жабдықтардың пайдаланылу барысына қанағаттанарлық баға берді. «Мен бейсенбіде Семейдегі денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайымен танысу жұмысын одлан әрі жалғастырамын. Соның нәтижесінде болашақ ынтымақтастық жолдарының нобайы айқындалуы әбден мүмкін»,- деді елші.
2-3-қыркүйекте Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки Өскеменге барады. 4-қыркүйекте қайтадан Семейге келетін елші Жапонияның «Джайка» Агенттігі ұйымдастыратын семинар-кеңеске қатыспақшы. Сол күні елші облыстық онкологиялық диспансерде, радиациялық медицина және экология жөніндегі ғылыми-зерттеу институында болады.
Тосио Цунодзаки Шығыс Қазақстан облысына Халықаралық Абай атындағы клубтың президенті, жазушы Роллан Сейсенбаевтың шақыруымен келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар