Жапонияның танымал каллиграф-шебері астаналықтарды көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне үйретпек - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияның танымал каллиграф-шебері астаналықтарды көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне үйретпек

Жапонияның танымал каллиграф-шебері астаналықтарды көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне үйретпек

Жапонияның танымал каллиграф-шебері Марико Кинощита Астанада көркем жазудың шеберлік сабағын өткізеді.

  • 20 Қазан 2011
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшілігінен хабарлады.

«Жапондықтардың сұлулық пен рухқа қатысты көрінісі» тақырыбында өтетін жапон каллиграфиясы бойынша шеберлік сабақ Жапон қорында Тіл орталығының ашылуына орайластырылып отыр.

Көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне Жапонияның танымал каллиграф-шебері Марико Кинощита үйрететін болады.

Жапон каллиграфиясы — жазба өнерінің түрленген жүйесі ғана емес, сондай-ақ терең философиялық мағынаға ие өнер түрлерінің бірі. Шеберлік сабақ аталмыш өнер түрімен жақынырақ танысуға және жапондық жазба өнеріне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

Іс-шара 25 қазан күні Қазақ Гуманитарлық заң университетінде өтеді.

Жапон Елшілігі шеберлік сабаққа адамдардың шектеулі саны ғана қатыса алатындығын ескертіп, алдын ала аккредитациядан өту қажеттігін хабарлады.

Перейти к новостям спорта