Жаппай уланудың кесірінен Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері саңырауқұлақ сатуға қатаң тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаппай уланудың кесірінен Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері саңырауқұлақ сатуға қатаң тыйым салды

Жаппай уланудың кесірінен Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері саңырауқұлақ сатуға қатаң тыйым салды

ШЫМКЕНТ. 16 қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында адамдардың жаппай улануы салдарынан жаңа терілген саңырауқұлақтарды сатуға тыйым салынды. Бұл туралы журналистерге облыстық санитарлық- эпидемиологиялық демартаменттің азық түлікті бақылайтын бөлімінің басшысы Мәрияш Сейталиева хабарлады.

  • 16 Қараша 2006
  • 843
Фото - Caravan.kz

Облыстық санитарлы эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры базарлар мен дүкендерде жаңа терілген саңырауқұлақтарды сатуға тыйым салу туралы бұйрық шығарды,-деді М. Сейталиева. Оның айтуынша, тыйым шеңберінен тек саңырауқұлақтардың вешенка түрі ғана алынған.

Құжатта: «кім де кім бұйрықты орындамаса, тауары тәркіленіп, жойылады, әрі оған 5 мың теңге көлемінде айыппұл салынады»,-деп көрсетілген.

Сейталиеваның айтуынша, бұл саңырауқұлақтан өзге де адамдардың улануына тосқауыл қою мақсатымен қабылданған шара. Осы кезге дейін облыста 62 адам уланып, 5 адам көз жұмған.

Ал мамандар жаппай уланудың нақты себебін әлі де таба алмай отыр. «Өйткені облыс аумағында саңырауқұлақтардың құрамындағы улы заттарды анықтайтын зертхана жоқ,-деп Сейталиева түсінік берді. Ал дәрігерлер болса, аурулардың клиникалық белгілеріне қарай олар қозықұйрық тектес саңырауқұлақтың улы түрімен уланған деген болжам келтіруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта