Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде таныстыру жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде таныстыру жолданды

Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде таныстыру жолданды

АП 162/10 абақтысында жазасын өтеп жатқан Ғалымжан Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде таныстыру жолданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Қараша 2005
  • 725
Фото - Caravan.kz

Министрліктен хабарлағанындай, бүгін, 2-қарашада қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АП 162/10 мемлекеттік мекемесінің әкімшілік комиссиясы Ғ.Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде таныстыру жолдау жайында қаулы қабылдады.

Қаулы қабылдауда Ғ.Жақияновтың тәртібі, жазасын өтеу барысындағы еңбекке және оқуға деген ықыласын сипаттайтын мәліметтері ескеріле отырып, сондай-ақ, заңнамада белгіленген мерзім мен талаптарға сәйкес, яғни, Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы күшіне енген сәттен бастап 1 ай мерзім ішінде шығарылған. Ғ.Жақияновты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ұсыну туралы қаулы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Екібастұз қалалық сотының қарауына беріледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ғ.Жақиянов 2002-жылы жалпы тәртіпті абақтыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен жіберілген.
Оған Павлодар облысының әкімі болып тұрған кезде лауазымдық құзырын асыра пайдаланған деген айып тағылды. Сонымен бірге Ғ.Жақиянов жазасын өтеп шыққанан кейін 3 жыл бойына мемлекеттік қызметке тағайындала алмайды.
Оған қатысты қылмыстық істер Павлодар қалалық сотының шешіміне сәйкес қозғалды. Сот Песчанск жөндеу кәсіпорны акцияларының мемлекеттік қоржынын сату заңсыз және «Төрт Құдық» ААҚ акцияларының мелмекеттік қоржынын жекешелендіруге әкім ретінде Ғ.Жақияновтың өкілеттілігі болмаған деген шешім шығарған болатын.

Перейти к новостям спорта