Жақсыбек Күлекеев үш жыл мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсыбек Күлекеев үш жыл мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейтін болды

Жақсыбек Күлекеев үш жыл мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейтін болды

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жемқорлық жөнінде айып тағылған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев Астананың Сарыарқа аудандық сотының үкімімен үш жыл мерзіммен бас бостандығынан айрылып, жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейтін болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 632
Фото - Caravan.kz

Жақсыбек Күлекеев үш эпизод бойынша айыпты деп танылды.

Атап айтсақ, ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 2008 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларды — жол құрылысына қатысты материалдарды сатып алу және жеткізуде қызмет бабын асыра пайдаланған деп танылды.

Сондай-ақ, айыптау мәліметіне сәйкес, Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының мекемеге келтірген шығының көлемі 341 млн 702 мың теңгені құрады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы «өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, ұлттық компанияның мүддесіне қарсы әрекет жасап, «Лексус LX 470″ маркалы автокөлігін жоғары бағаға сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алу барысында шығын келтірген, ал көлік іс жүзінде оның отбасының иелігінде болған». Соның салдарынан ұлттық компанияға 4 млн 165 мың теңгенің шығыны келтірілді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаржысын заңсыз жеке басының мақсаттарына пайдалану арқылы Күлекеев Астананың «Қараөткел» ықшамауданында орналасқан жеке меншік үйін тәулік бойы күзету ақысын ұлттық компанияның қаржысының есебінен төлеуді ұйғарған. Келтірілген шығын көлемі 1 млн 704 мың 700 теңгені құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясының қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ұстаған. 4 сәуірде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы бойынша (пара алу) 100 мың АҚШ доллары көлемінде аса ірі пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын Астананың Сарыарқа аудандық соты бір эпизод бойынша ақтады. Ол 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алуға айыпты емес деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар