Жақсылық Амантай: "Мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдауы да, есте сақтау қабілеті де өте ерекше" - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Амантай: "Мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдауы да, есте сақтау қабілеті де өте ерекше"

Жақсылық Амантай: "Мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдауы да, есте сақтау қабілеті де өте ерекше"

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау, қорғай білу жайлы көп айтылуда. Ерекше жандармен, оның ішінде ерекше балалармен жұмыс қалай жүруде? Ондай жандармен жұмыс істеу қаншалықты қиын немесе қаншалықты оңай?

  • 27 Ақпан 2023
  • 50
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталының осы және өзге де сұрақтарына еліміздегі дамуында ауытқуы бар балалармен бірге жұмыс істеп, оларға нота тануды, ән айтуды үйретіп жүрген Алматы қаласындағы белгілі демалыс орталығының ән пәні мұғалімі Жақсылық Амантай жауап береді.

— Мүмкіндігі шектеулі оның ішінде ерекше балалармен бірге жұмыс істеу сіз үшін қаншалықты қиын немесе қаншалықты жеңіл?

Ең алғашында тәжірбие алмасу мақсатында осы Алматы қаласындағы белгілі демалыс орталығының бірінде жұмыс жасауға келіп, маған ерекше балаларға ән үйретуді, нота тануды үйретуді тапсырған болатын. Алғашқы кездерде мойындаймын маған өте ауыр әрі өте қиын болды. Өйткені, біз шығармашылық адам болғандықтан сезімге тез берілеміз, жүрегіміз нәзік болып келеді. Сондықтан да маған өте ауыр болды. Тіпті көзіме жас келген кездер де болды. Алайда уақыт өте келе үйрене бастайсың екен. Қазір бәрі тамаша балалар бәрін түсінеді, айтқаныңды істейді. Тек басында қиын болмаса, былай қатты ауыр немесе қиын деп айта алмаймын. Оларға біз мүмкіндігі шектеулі жандар деп қарамай, оларға барынша қолдау көрсету керекпіз деп есептеймін.

— Мүмкіндігі шектеулі жандармен, оның ішінде сондай балалармен жұмыс істеудің қандай да бір ерекшілігін айтып өтсеңіз?

— Олармен бірге жұмыс істеудің өзі бір ерекшелік. Себебі, сен ерекше жандармен жұмыс жасап жүрсің. Сол себепті де 12 мүшесі сау адамдармен жұмыс жасағанға бұл ұқсамайды. Бұл жерде көбірек мейірімділік, көбірек еңбекқорлық, көбірек ыжахаттылық керек. Одан кейін бұл ерекше жандар өте дарынды, өте талантты келеді. Алайда олармен көбірек жұмыс істеу керек, көбірек уақыт керек. Сол сәтте оның жемісін жейтін боласың. Мен ән мұғалімі ретінде, музыкант ретінде оларды барынша бағыттауға тырысамын. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдауы да, есте сақтау қабілеті де өте ерекше. Ол есте сақтау үшін, қабылдауы үшін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Әлбетте мұндай жұмыстардың қалай жасалатыннын, қандай жолдары барын, балалардың дамуын қалай бағыттауға болаттынын психолог мамандар, оның арнайы мамандары жақсылап түсіндіріп береді.

— Ал мүмкіндігі шектеулі балалалардың ата-аналарымен, туыстарымен қандай да бір қиындық туындаған кездер болды ма?

— Әрине ондай қиындық болған жоқ. Әрбір мұғалім, психолог, арнайым мамандар ата-ананың өтінішін қабылдап, ескертіп олардың мәселелерін қарап, оларға барынша көмектесуге тырысады. Менің жағдайымда, ата-аналар балаларының тезірек нота танып, тез арада ән айтып кеткендерін қалайды. Алайда оған көп көңіл бөліп, көбірек еңбек ету қажет болады. Сондықтан да ата-аналарды сабырға шақырып, еңбектің жемісін жейтін уақытты күту керек екенін жиі айтып, ол кісілерге ескертіп отырамын. Менің тәжірбиемде ондай ескертулерді, сабырға шақыруымды қабылдамаған ата-аналар болған емес. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына барынша көмек көрестегуе, қол ұшымызды беруге әрқашан да дайын отырамыз.

— Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін білім сапасы өте төмен, жоғары деңгейде емес деп жатамыз. Осыған байланысты сіздің пікіріңіз қандай?

— Әрине мен ол пікірге келісе алмаймын. Өйткені, біз мысалы күнделікті оларға сабақ бермейміз. Біз демалыс орталығы болғаннан кейін бізге 1 аптаға, ең көп дегенде 2 аптаға келеді. Кейбір ата-аналар музыка үйренсін деп күнделікті алып келеді. Сондықтан да мен нақты біздің беріп жатқан біліміміз өте сапалы деп айта алмаймын. Неге? Өйткені, жаңа айтып өткенімдей бізге көбінесе балалар 1,2 аптаға ғана келеді. Сол сәтте біз балаларға максимум түрде нотаны да, ән айтуды да үйретеміз. Өзге ұстаздар да солай өз салаларында, барынша үйретуге тырысады. Егерде мен ол балаларға күн сайын, күнделікті беріп отырсам онда нақты айта алар едім. Бізге бір күннің ішінде әртүрлі балалар келеді, келесі күні мүлдем басқа балалар келеді. Сол себепті де нақты жауап беру өте қиын. Бірақ, бізге келген балаларға барынша сәл болсын, бір нәрсе болсын үйреніп кетсе екен, біліп кетсе екен деймін. Ең болмағанда музыкалық слух, музыкалық ән тыңдай білу қабілеті болса екен деймін. Мен өз басым осыған қарай көбірек жұмыс жасаймын.


— Сіз жұмыс істейтін  орталыққа келген ерекше бала есіңізде ме? Сізге қатты әсер берген бала?

— Әрине бір бала әлі күнге есімде. Есімі Самат болатын. Ол өмірге келгеннен естімейді, алайда бәрін түсінеді. Сол баланың музыкаға деген махаббатын білсеңіз ғой. Ол естімесе де не туралы ән екенін, қандай шығарма екенін бәрін түсініп тұратын. Оның музыкаға деген, шығармашылыққа деген махаббаты өте үлкен болды. Сол бала маған өте үлкен әсер қалдырған болатын. Сол бала әлі күнге менің есімде, жадымда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай өткен жылы балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген болатын.

Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,- деген болатын.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлесіп оқыту қарастырылуда. Инклюзивті оқыту барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Ол оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатыстырады. Мұндай оқыту адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

Соңғы жаңалықтар