Жақсылық Досқалиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Досқалиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды (толық нұсқасы)

Жақсылық Досқалиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды (толық нұсқасы)

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 626
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Анатолий Григорьевич Дерновой басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев 1955 жылы 30 қарашада туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК ректоры болып істеген.

2007 жылғы 2 қыркүйектен бері ҚР парламенті мәжілісінің депутаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар