Жақсылық Досқалиевтан жауап алына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Досқалиевтан жауап алына бастады

Жақсылық Досқалиевтан жауап алына бастады

Астанадағы мамандандырылған сот бүгін кешкісін экс-министр Жақсылық Досқалиевтан жауап алуды бастады. «Дәрігерлер ісіне» қатысты сот өткен айдың басынан бері жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін алқа билер алдында куәгерлер сөйледі.

  • 23 Маусым 2011
  • 358
Фото - Caravan.kz


Жалпы саны 200-ге жуық адамнан жауап алынды. Ал бүгін күні бойы «МДС»компаниясының басшысы болған Төлеген Тойғамбаев түсініктеме берді. Оған экс-министр Жақсылық Досқалиевпен астыртын келіссөз жүргізді деген айып тағылып отыр. Осылайша мемлекетке 2 жарым миллиард теңгеге жуық шығын келтірілген көрінеді. Бірақ сот алдында жауап берген кәсіпкер өзіне тағылған бұл айыптардың  барлығын мойындаған жоқ. Ал дәл қазір соңғы бір жарым сағаттан бері Жақсылық Досқалиевтің өзінен жауап алу басталды. Бірақ экс-министрдің өтініші бойынша сот залына түсіру камераларыкіргізілген жоқ. Дегенменістің қалай жүріп жатқандығы  алдағы уақытта да біздің тілшілеріміздің назарында болмақ.  

Соңғы жаңалықтар