Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткізілген Республикалық жарыс мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткізілген Республикалық жарыс мәресіне жетті

Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткізілген Республикалық жарыс мәресіне жетті

Семей қаласында 15-16 қыркүйек күндері аралығында атақты балуан, грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы,

  • 17 Қыркүйек 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткізілген жастар арасындағы республикалық жарыс өз мәресіне жетті.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күнге жалғасқан боз кілемдегі жарысқа Ресей, Қырғызстан және еліміздің әр түпкірінен келген жалпы саны 100-ден астам балуан қатысып, бақтарын сынады.

Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарыстың жабылу салтанатында жарысқа қатысушыларды дүбірлі доданың аяқталуымен қала әкімінің орынбасары З.Исабаева, жарыстың иегері Жақсылық Үшкемпіров құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Боз кілемдегі белдесулердің қорытындысы бойынша 55 кг дейінгі салмақта 1 орынды Ақтөбе облысының балуаны М.Айнағұлов, 66 кг салмақта Жамбыл облысынан келген Ә.Өмірзақ, 84 кг дейінгі салмақта оңтүстікқазақстандық Я.Шакиров, 120 кг салмақта Қостанай қаласының балуаны Б.Бегежанов жеңіске жетті.

Барлық жеңімпаздар мен жарысқа қатысушылар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера