Жақын арада 190 мың қазақстандықтың жалақысы өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын арада 190 мың қазақстандықтың жалақысы өседі

Жақын арада 190 мың қазақстандықтың жалақысы өседі

Қала әкімімен кездескен 70-тен астам кәсіпкер қол астындағы қызметкерлерінің жалақысын өсіруге дайын екенін жеткізді.

  • 1 Қараша 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қала кәсіпкерлерімен кездесуінде жалақы өсуінің тауар бағасына әсері талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 190 мың шымкенттіктің жалақысы көтеріледі. Қала әкімінің айтуынша, бюджет саласы қызметкерлерінің де жалақысы өседі. Кездесуге қатысқан 70-тен астам кәсіпкер өз қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге дайын екенін жеткізді. Бірқатар кәсіпорында жалақы қараша айынан бастап, енді бірінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазандағы жолдауында үкіметке қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есе – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын. 

"Кәсіпорын басшылары Елбасыны қолдап, өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруге дайын екені қуантарлық жайт. Бұл, шын мәнінде, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға түрткі болады", — деді Әбдірахымов.


Баспасөз қызметінің ақпаратынша, кездесу барысында азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының өсу мәселесі де талқыланды. Ірі сауда орындары мен базарлардың басшылары сауда орындарын жалға беру мен азық-бүлік бағасын ұстап тұру шараларын жасауға уәде берді.

 

Соңғы жаңалықтар