Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді

Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді

 Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Дизель отыны бойынша мемлекеттік реттеу толық көлемде сақталатындығына тоқталған ол: «Отынның бұл түріне Үкімет тарапынан шекті бағаны бекіту режімі қалпында қалып отыр. Осы орайда шекті баға бізде соңғы жылдары дәстүрлі түрде іске асырылып келген тиісті формула аясында бекітіледі», — деді.

Ұ. Қарабалиннің сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде дизель отынының қоры жеткілікті деңгейде. Базаларда 350 мың тоннаға жуық дизель отыны бар. Сонымен бірге зауыттарда да жөнелтуге дайындалған қор жинақталған. Бұл тұрғыда 70 мың тоннаға тарта жағармайдың бұл түрі дайындалды. 


Перейти к новостям спорта