Жарияланды: 330

Жақын арада Түрікменстан шекарасында ұсталған қазақстандық 7 азамат бойынша оң шешім болады

Түрікменстанның шекарасында ұсталған Қазақстанның 7 азаматының мәселесі бойынша жақын арада оң шешім болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті. «19 қазанда Қазақстан мен Түрікменстан шекарасын заңсыз өткен деп Түрікменстанның шекара қызметкерлері Қазақстанның 7 азаматын ұстаған болатын. Осы мәселе бойынша біз аталған елдің Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен екі мәрте кездестік. Біздің азаматтармен жеке кездесу мақсатында, сонымен қатар Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің атына тиісті нота жолданды. Бұл нота қазір қарастырылуда. Аталған мәселе жалпы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», - деп тоқталды ресми өкіл. «Жақын арада бұл мәселе екі ел арасындағы қалыптасқан достас әрі бауырлас қарым-қатынастар тұрғысында өзінің оң шешімін табады деп сенім білдіреміз», - деп түйді А. Әбиболлаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін