Жақын жылдары Қазақстанда ресейлік кәсіпорындар жаппай өндіріс аша бастайды – сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын жылдары Қазақстанда ресейлік кәсіпорындар жаппай өндіріс аша бастайды – сарапшы

Жақын жылдары Қазақстанда ресейлік кәсіпорындар жаппай өндіріс аша бастайды – сарапшы

Жақын жылдары Қазақстанда ресейлік кәсіпорындар жаппай өндіріс аша бастайды. Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының аймақтық өкілі Виктор Жигулин сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында осындай деген пікір білдірді.

  • 20 Шiлде 2011
  • 776
Фото - Caravan.kz

«Бүгіндері Қазақстанда бизнес жүргізу заңнамасы ең либералды. Алдағы 4-5 жылда ресейлік кәсіпорындар Қазақстанда жаппай өндіріс аша бастайды», — деді В. Жигулин.

Оның айтуынша, оның негізгі себебі — Қазақстанда Ресейге қарағанда салық режимі екі еседей жеңіл.

«Қараңыздаршы, Қазақстанда ҚҚС — 12%, Ресейде – 18%, Ресейде әлеуметтік салық сомасы соңғы уақытқа дейін 32-36% болса, Қазақстанда зейнетақылық қорға төлемдермен қоса есептегенде – 22%, біздегі кіріс салығы — 13%, сіздерде – 10%. Осылайша айына 100 бірлік өнім өндіргенде Ресейде кәсіпорын 32 бірлік салық төлесе, Қазақстанда – 16. Яғни кәсіпкер ретінде мен тек қана заңнаманың либералдығының арқасында қосымша 16 % кіріс көремін», — дейді В. Жигулин.

Одан басқа, сарапшының айтуынша, Қазақстанда жер мен баспана жалдау арзан, логистика мен құрылыс та арзан.

Ондағы бар мәліметтер бойынша, бүгіндері Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған 14,5 мың кәсіпорын болса, олардың ішінде 5 мыңы ресейлік кәсіпорындар. Олардың жұмыс істеп тұрғандары 3,8 мың.

«Бұл динамика соңғы 5 жылда да сақталып тұр. 2011 жылы 4 айда Қазақстанда 400 ресейлік кәсіпорын тіркелді. Өсімі — 10%. Бұл қопарылыс. Ресейлік кәсіпорындар жұмыс істеп отырған бір де мемлекетте мұндай кәсіпорындар санында жарылыс болмаған. Олар әр салада ашылуда: тамақ өнеркәсібі, құбыр илемдеу өндірісі, жеңіл моторлы ұшақ шығару, майлау майлары, сервис т.б. салаларда», — дейді В. Жигулин.

Екінші жағынан Қазақстанда бизнес жүргізу оңтайландырылған.

«Қазақстанда кәсіпорын бизнесті бастағалы әр түрлі мыңдай құжат толтырады. Қазір бұл санды 700-ге дейін қысқартты және биыл оны тағы 30% қысқарту жоспарланған. Ресейде олардың саны — 2,5 мың. Жағдайды жақсарту үшін үкімет құжаттар санын 1,5 мыңға дейін төмендетпекші», — деді В. Жигулин.

Соңғы жаңалықтар