Жақында арықтаймын, енді қалыңдық іздеу керек - Нұртас Адамбай - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында арықтаймын, енді қалыңдық іздеу керек - Нұртас Адамбай

Жақында арықтаймын, енді қалыңдық іздеу керек - Нұртас Адамбай

Танымал актер әрі продюсер Нұртас Адамбай отбасы туралы жиі айты бермейтін жұлдыздардың қатарынан. Десе де жаңа туындысын түсіргелі жатқан актер қалыңдық іздейтінін айтып, желідегі оқырмандарының санасында түрлі сауал тудырды.

  • 24 Тамыз 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Нұртас Адамбай Instagram желісіндегі парақшасында жаттығудан кейін түскен суретін жариялап, екіұшты жазба қалдырған.

«Жақында арықтаймын, енді қалыңдық іздеу керек», – деп жазды ол.

Өз кезегінде желі қолданушылары оған жеке өміріне қатысты сұрақтар жаудырды. Сондай-ақ, оның жазбасы көпшіліктің түсініспеушілігін тудырды. Себебі актер 2011 жылы шаңырақ көтеріп, сәбиі дүниеге келгеннен бір жылдан кейін жұбайы Ғалиямен ажырасып кеткен еді. Алайда олар 2015 жылы қайта татуласып, бір шаңырақ астында тұрып жатқан еді. Содан бері Нұртас отбасы туралы тіс жармағанымен, желідегі парақшасында ара-тұра ұлының суретін жариялап тұрады.

Ал HIT.TV арнасына берген сұхбатында Нұртас Адамбай жеке өмірін реттемек екенін айтып қалды.

«Мен екі қоянды бір оқпен атпақшы болдым. Себебі сонша еңбекпен арықтаған соң, одан тағы да пайда көру керек емес пе?! Тек киноға түсіп қоймай, жеке өмірімді ретке келтіргім келеді», – дейді Нұртас Адамбай.

Айта кетсек, Нұртас Адамбай «Әкім» аталатын комедиялық фильм түсіргелі жатыр. Фильмге продюсерлік еткен Адамбай сценарийін де өзі жазған әрі басты рөлді өзі сомдамақ.


Аталған фильмдегі рөлі үшін Нұртас сырт келбетіне өзгеріс енгізбек. Яғни, ол салмақ тастауға бел буып, 13 келіге арықтауды мақсат тұтып отыр.

«Шындығында, мен жаңа рөлім үшін арықтауға бел будым. Көп ойланып, «Әкім» фильміндегі басты рөлді өзім ойнаймын деп шештік. Мен бір актерді осы рөлге лайық санап, соны шақырамыз деп ойлағанмын. Бірақ ойымыз өзгерді. Бұл рөлді менен жақсы ойнайтын адам жоқ шығар дедік. Халықтың көңілін қалдырғымыз келмейді. Басты рөлдегі кейіпкер – сұңғақ бойлы, қазақы, қарны жоқ адам», – дейді Нұртас Адамбай.

Соңғы жаңалықтар