Жақында ғана үшем босанған ана 6 баласымен далада қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында ғана үшем босанған ана 6 баласымен далада қалуы мүмкін

Жақында ғана үшем босанған ана 6 баласымен далада қалуы мүмкін

Фозила Досметова қазір екі айлық үшемдерімен бірге аурханада жатыр. Мұнда ауырып емес, жалдайтын үйлерінің санитарлық жағдайы талапқа сай болмағандықтан түсіп отыр. Сәбилердің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің қарауында. Басқа барар жері жоқ.

«Ешқандай туысқаным жоқ, бір ғана нағашым бар еді, ол да болса өз күніңді өзің көр деп үйінен қуып жіберді. Содан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүрмін. Балаларым үшін дәретхана да жудым, ыдыс та жудым – барлығын істедім. Енді қазір жұмыс істей алмаймын ғой. Балаларымнан обал. Қайда барамыз, не істейміз білмеймін. Елден көмек сұраймын, баспанам болса, алты баламның басын біріктірсем деймін. Үлкен үш баламның екеуі жалдап жатқан времянкамызда, бір қызымды қайтыс болған күйеуімнің анасының үйіне уақытша апарып тастадым. Сол балаларымды көрмегеніме да қанша уақы

  • 8 Ақпан 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

«Ешқандай туысқаным жоқ, бір ғана нағашым бар еді, ол да болса өз күніңді өзің көр деп үйінен қуып жіберді. Содан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүрмін. Балаларым үшін дәретхана да жудым, ыдыс та жудым – барлығын істедім. Енді қазір жұмыс істей алмаймын ғой. Балаларымнан обал. Қайда барамыз, не істейміз білмеймін. Елден көмек сұраймын, баспанам болса, алты баламның басын біріктірсем деймін. Үлкен үш баламның екеуі жалдап жатқан времянкамызда, бір қызымды қайтыс болған күйеуімнің анасының үйіне уақытша апарып тастадым. Сол балаларымды көрмегеніме да қанша уақыт болды», — деп мұңын шақты ана.

Ал Фозиланың өзге үш балалары, қараусыз қалыпты. Кәмелет жасқа толмаған ұл-қызы өз бетінше күн көруге мәжбүр. Ішерге ауқат, киерге киімдері жоқ. Тіпті, сабаққа да баруға қиналады. Өйткені, олардың білім алатын мектебі Сайрам ауданында орналасқан. Ол жаққа жетіп алудың өзі бір ақырет.

Гузаль, Фозиланың қызы: «Мектебімізге жету үшін таңғы сағат 6-да жолға шығамыз, бірінші 109-бен қырғы базарына, одан соң 32-ге мініп барамыз. Бірінші сабаққа үлгермейміз. Осы қаладағы мектепке ауысайын десек, бізді тұрақты тіркеулерің жоқ деп алмай жатыр. Қатты қиналып кеттік, інім екеуімізге күн сайын 1000 теңгедей кетеді, оны анамыздың құрбысы беріп тұр әзірге. Биыл мектеп бітіремін, тестілеуге дайындалуым керек, бірақ менде қазір ешқандай мүмкіндік жоқ, болашағыма сенбеймін».

Жалдамалы пәтердің де жағдайы көңіл көншітпейді. Асхана, жатын орын, жуынатын жер – барлығы осы бір бөлмеде орналасқан. Оның өзі суық, балалар қабат-қабат киніп жүреді. Сабақ дайындайды, солай ұйықтайды да. Ал жылытқыш қосуға пәтер иесі рұқсат бермей отыр екен.

Шырылдап, балалардың жағдайын жасап жүрген Ұлболсын Абдуалиева аналарының құрбысы. Орнын жоқтатпай, үйге барынша азық-түлік әкеліп, балалардың жол шығынан да өтеп жүр. Бір өзінің шамасы жетпегендіктен қоғам белсенділеріне хабар беріп, көмек сұраған. Оның айтуынша, көпбалалы отбасы осы кішкентай баспанадан да айырылып қалуға шақ отыр. Себебі, пәтер иесі үйді екі күннің ішінде бостауды сұраған.

Ұлболсын Абдуалиева, Фозиланың құрбысы: «Осы үйге де зар болып отырмыз. Үй иесі Астанада өртеніп кеткен 5 сәбидің оқиғасынан кйін мойныма балалар үшін жауапкершілік алмаймын, үйді босатыңдар деп отыр. Қазір күн суық, балалар қайда баратынын білмейді. Мен өзім пәтер жалдап тұрамын, күйеуім, енем, балаларым бар, бұл балаларды апаратын жерім де жоқ.  Осы кезге дейін пәтерақысын да төлеп келдім, бірақ менің де жағдайым керемет емес. Сол үшін көмек сұрап отырмыз. Осы балалар үшін барлығы».

Жалғызбасты, көпбалалы ананың жағдайы көпті бейжай қалдырмады. Қоғам белсендісі Нқрбол Нұрханов оқиға жайлы біле салысымен, тиісті әрекеттерге көшкен. Бірақ ол Фозила Досметованың шешілуі тиіс мәселелері шаш етектен екенін анықтапты. Тіркеуі жоқ, салдарынан мемлекеттен берілетін барлық жәрдемақыдан қағылған.


Нұрбол Нұрханов, қоғам белсендісі: «Алдында үш бала еді, үш балаға ешқандай көмек көрсетілмейді. Бірден 6 бала болды да, қиналып қалған жәйі бар. Қазір Фозиланың мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізуі үшін тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз, бірақ оның барлығы уақытты талап етеді. Бір ғана банктен шот аштыруға үш күн кетеді. Ал бұл отбасының күтетін уақыты жоқ. Екі күнде үйден шық деп отыр оларға. Сондықтан қоғам болып көмектесейік деп, халықтың назарын аударайық деп жүрміз. Солай көмектеспесек, басқа амалымыз жоқ».

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де бұл жағдайдан бейхабар емес. Аз болса да септігін тигізсін деп азық-түлігін арқалай келіп, алғашқы болып қол ұшын берді.

Сала қызметкерлері жоғарыда айтылған құжат мәселесін және мемлекет тарапынан көпбалалы анаға көрсетілетін қаржылай көмекті ретке келтіруге уәде етті.

Ұлдана Бекбау, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының аз қамтылған отбасылармен, зейнеткерлермен, ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы: «Көмектесемін деп жүрген өкілі бізге келсе біз барынша көмектесеміз. Құжаттарды тезірек жинақтауға да қол ұшын береміз. Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер бар».

Бұл ғана емес басқарма қызметкерлерінің араласуымен «Ізлікте жарысайық» қайырымдылық қорының жанашырлары да балаларды сәл болса да қуанышқа бөледі. Сыртқы және өзге жылы киімдерді тарту етті.

Бірақ, баспана мәселесі шешімсіз қалды. Енді екі күнде пәтерден де шығарылады. Яғни, алты балалы ана екі айлық үшемдерімен далада қалатын жайы бар.

Егер сізді бұл отбасының жағдайы алаңдатса, көмектесе аласыз. Ол үшін 87784351957 нөміріне хабарласып, қол ұшын беруге болады. Жақында отбасына тікелей ақша аударуға мүмкіндік беретін шот ашылмақ, ол жайлы тағы да хабар беретін боламыз. Жақсылық жасап, жарысайық, халайық.

Соңғы жаңалықтар