Жаратылыстану-математика пәндерінен V Президенттік олипиадада «алтын» жүлде саны бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр
Теміртауда өткен жаратылыстану-математика пәндерінен V Президенттік олипиадада «алтын» жүлде саны бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Қарағанды облысының білім басқармасынан хабарланды. |
«Жаратылыстану-математика пәндерінен өткен V Президенттік олипиада қорытындысы бойынша 9 «алтын», 14 «күміс», 22 «қола» медальдар берілді. 3 алтын жүлдеге Жамбыл облысы ие болды, 2 жүлдені Астанадағы О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектептің өкілдері еншіледі, сондай-ақ Павлодар мен Қостанайдың оқушылары бір-бір «алтыннан» олжалады», - деп хабарлады білім басқармасынан.
Қарағанды облысынан барған қатысушылар бір «күміс» және бір «қола» еншіледі.
Айта кетейік, жаратылыстану-математика пәндері бойынша аталмыш Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін