«Жәрдем» медициналық пойызы Жаңаөзен қаласына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жәрдем» медициналық пойызы Жаңаөзен қаласына келді

«Жәрдем» медициналық пойызы Жаңаөзен қаласына келді

29 қазан күні таңертеңгі сағат 9-да Жаңаөзен қаласына жергілікті тұрғындарды диагностикадан өткізу және емдеу үшін «Жәрдем» медициналық пойызы келіп жетті.

  • 29 Қазан 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Акцияны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр.

«Денсаулық пойызы» Жаңаөзен қаласында 6 күн, Шетпе стансысында төрт күн қызмет көрсететін болады. «Жәрдем» медициналық пойызы қаладағы және шалғайдағы ауыл тұрғындарына көп салалы мамандандырылған көмектерді көрсетеді.

Медициналық пойыздың негізгі міндеттері: кешенді диагностикалық кеңес көмегі;- зертханалық, заманауи диагностикалық аппараттарды қолдана отырып, функционалдық және аспаптық әдістерді өткізу; кезекті міндетті медициналық тексеру жасау; дәрігерлік сараптамалық жұмыстар жүргізу; анықталған сырқаттарды медициналық көрсеткіштер бойынша іріктеу және жоспарлы түрде ауруханаларға жіберу.

Медициналық пойыздың 8 вагоны бар, оның 4-еуі емдеу-диагностикалық, 1 — мәжіліс залы мен телемедициналық орталығы бар вагон-мейрамхана, 1 — автоматты түрде электрмен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дизель-генератор, 2 — дәрігерлер мен қызмет көрсетуші адамдарға арналған қызметтік купе вагон. Пойыздың медициналық бригадасында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, онколог, офтальмолог сияқты негізгі мамандықтардың дәрігерлері жұмыс істейді.

Олардың барлығы да бірінші және жоғары санаттағы білікті мамандар. Пойыз қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен жабдықталған: компьютерлік спирометрикалық жүйе, эхоэнцефалограф, видеогастрофиброскоп, диагностикалық тестер жүргізу үшін кардиологиялық мониторлық жүйе, велоэргометр, кардиограф және мәліметтерді өңдейтін компьютерлік жүйе, сол сияқты стоматологиялық рентген, ЛОР және Германия мен Жапониядан шығарылған офтальмологиялық жабдықтар бар. Аталған аппаратура сырқаттардың қаны мен зәріне жалпы және биохимиялық талдау жасауға, рентгенография және флюрография, ішкі ағзаны және тамырлы УЗИ арқылы тексеру, электрокардиограмма, велоэргометрия, гастрофиброскопия, компьютерлік спирография, эхоэнцефалография, басқа да диагностикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар