Баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу аяқталғанша Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды. Тергеу жұмыстарын көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты.
Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.
ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі.