Жаркентте шекара қызметінің әскери бөлімшесінің аумағында ірі өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаркентте шекара қызметінің әскери бөлімшесінің аумағында ірі өрт болды

Жаркентте шекара қызметінің әскери бөлімшесінің аумағында ірі өрт болды

17 желтоқсан күні сағат 17.19-да Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында

  • 18 Желтоқсан 2012
  • 486
Фото - Caravan.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2091 әскери бөлімшесінің аумағында орналасқан екі қабатты тұрғын үй өртене бастады.

Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасының; ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 10 адамы мен 3 техникасының күшімен тілсіз жау төрт сағаттан кейін ауыздықталды.

Жалын шарпыған аумақ 422 шаршы метрді құрады. Бірінші қабаттан құлау салдарынан аяғы жарақаттанып, 44 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.