ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2091 әскери бөлімшесінің аумағында орналасқан екі қабатты тұрғын үй өртене бастады.
Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасының; ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 10 адамы мен 3 техникасының күшімен тілсіз жау төрт сағаттан кейін ауыздықталды.
Жалын шарпыған аумақ 422 шаршы метрді құрады. Бірінші қабаттан құлау салдарынан аяғы жарақаттанып, 44 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.