Төтенше жағдай Қорғаныс министрлігінің 74261 әскери бөлімінің офицерлер қалашығында 17 шілде күні түнде тіркелді. Өрттің шығуына газды сұйықтықтың жануы себеп болған.
Тілсіз жау 535 шаршы метрді шарпыған. Баспасөз-қызметі, екі қабатты тұрғын үйдің 1970 жылы ағаштан тұрғызылғанын хабарлайды.
Өрт сегіз сағаттан кейін ауыздықталды. Материалдық шығын көлемі 1 млн. 182 мың 800 теңге.
Төтенше жағдайлар министрлігі «тілсіз жау газ жабдығын дұрыс қолданбағандықтан шықты», — деген қортынды жасады.