Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге «STREAMER 1014» травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.
«Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.