Жарнама берушілер табыстан қағылғандарын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарнама берушілер табыстан қағылғандарын айтты

Жарнама берушілер табыстан қағылғандарын айтты

Экономикалық дағдарыс жарнама берушілердің бюджетіне кері әсер етті! Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан халықаралық медиа саммитте айтылды.

  • 16 Қазан 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жиында медиа саласындағы озық мамандар бас қосты. Олардың арасында Германия, Швейцария сынды әлемнің 7 озық елінен келгендер де бар. Талқыланған басты тақырыптардың бірі дағдарыстың ақпарат құралдарына тигізер әсері. Биыл еліміз бойынша жарнама берушілер саны 7 пайызға азайған. Ал интернет-порталдардың табысы керісінше жыл сайын өсіп келеді. Былтыр кіріс көлемі 3 миллиард теңгені құраған. Ал, биылғы 10 айдың ішіндегі түскен пайда 2,3 миллиард.

Арыстанбек Нұрмаханов, «Спринг медиа» компаниясының Орта Азия мен Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:

— Әрине, жарнама жағынан есептейтін болсақ әрине түсімдері төмендеген. Яғни, ол не деген сөз, әрине, жарнама беретін бизнес компаниялар жарнаманы да енді сараптап беретін болды. Нені беруі керек, нені жарнамалау керек, нені жарнамаламау керек.

Соңғы жаңалықтар