Жарнама бизнесінің марқасқалары қазақ спортын әлемге танытпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарнама бизнесінің марқасқалары қазақ спортын әлемге танытпақ

Жарнама бизнесінің марқасқалары қазақ спортын әлемге танытпақ

Жарнама бизнесінің марқасқалары қазақ спортын жер жаһанға  танытпақ. «Кока-Кола», «Walt Disney» сияқты әйгілі брендтердің промоутерлері «Астана» президенттік спорт клубын әлемдегі теңдессіз танымал жобаға айналдырамыз деп отыр.

  • 2 Қазан 2013
  • 199
Фото - Caravan.kz


Осы мақсатпен бүгін елордада спорт маркетингі мен жарнама бизнесінің нағыз шеберлері жиналды. Солардың бірі  — Майкл Пэйн, жазғы және қысқы Олимпиадалардың идеялық авторы. Формула-1 жарысына қатысушылардың киім үлгісін жасаған автриялық Пенни Браун және «Манчестер Юнайтед»-тің даму бағдарламасын ойлап тапқан британдық Джон Тиббс те сол қатарда. Қазақстанның басты жобасын дәл осы топ іске асырмақшы. Жарнама бизнесінен тіс қаққан шеберлер алдымен отандық мамандармен кездеседі, инфрақұрылымды дамытуға үлес қосады, түрлі турнирлер ұйымдастыруға ат салысады, тіпті бюджетті жоспарлау да осылардың қолына берілмек. Айта өтейік, «Астана» президенттік спорт клубы бүгінде ұлттық командалармен бірге танымал спортшылардың да басын біріктіріп отыр.