Жарнама саласындағы әкімшілік кедергілерге қатысты меселе Үкіметте қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарнама саласындағы әкімшілік кедергілерге қатысты меселе Үкіметте қаралады

Жарнама саласындағы әкімшілік кедергілерге қатысты меселе Үкіметте қаралады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Zakon.kz порталында өткен бейне-онлайн конференциясы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сыртқы жарнамаларды орналастыру кезінде болатын кедергілерді жоюға уәде берді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

Онлайн-конференция кезінде порталды пайдаланушылардың бірі Қазақстанда жарнамалардың құны тым жоғары екендігіне қынжылыс білдіріп, сыртқы жарнамаларды орнату барысында әкімшілік кедергілер мен қосымша салық ауыртпалықтарының көп болып отырғандығын айтқан болатын.

«Туындап отырған жарнамаға қатысты айтар болсам, менің ойымша, бұл мәселені шешу үшін тиісті тапсырма беремін. Және бұл түйткілді кәсіпкерлік мәселесі бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің келесі отырысында қарастырамыз», — деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар