Онлайн-конференция кезінде порталды пайдаланушылардың бірі Қазақстанда жарнамалардың құны тым жоғары екендігіне қынжылыс білдіріп, сыртқы жарнамаларды орнату барысында әкімшілік кедергілер мен қосымша салық ауыртпалықтарының көп болып отырғандығын айтқан болатын.
«Туындап отырған жарнамаға қатысты айтар болсам, менің ойымша, бұл мәселені шешу үшін тиісті тапсырма беремін. Және бұл түйткілді кәсіпкерлік мәселесі бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің келесі отырысында қарастырамыз», — деп атап өтті ол.