Жарнамадан 38 қате анықтаған тұрғын ақшалай сыйлыққа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарнамадан 38 қате анықтаған тұрғын ақшалай сыйлыққа ие болды

Жарнамадан 38 қате анықтаған тұрғын ақшалай сыйлыққа ие болды

[wpcode id="1694287"] Павлодарда «Таза жарнама» акциясының нәтижесінде 50 қате анықтаған облыстық қаржы басқармасының маман

  • 30 Қараша 2016
  • 832
Фото - Caravan.kz


Павлодарда «Таза жарнама» акциясының нәтижесінде 50 қате анықтаған облыстық қаржы басқармасының маманы Балғын Закуова бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Самат Құшмағұловтың айтуынша, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған шара барысында қаладағы мекеме-ұйымдар мен сауда нүктелеріндегі маңдайшаларда, жарнама плакаттарында, билбордтардағы қателер анықталған. — 1 — 27 қараша аралығында өткен «Таза жарнама» акциясының нәтижесінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерді орналастыруда кездескен барлығы 400-ден астам фотосурет жиналды, — дейді Самат Құшмағұлов. — Тілшілер және жоғары оқу орындарының филологтарынан құрылған тәуелсіз сараптама комиссияның шешімі бойынша 50 қатысушының ішінен барынша көп сурет ұсынған 20 қатысушы іріктелді. Нәтижесінде екінші орынды иеленген ИнЕУ-дің студенті Марат Қилыбаев 38 қате және үшінші орын алған «ПМХЗ» ЖШС-нің маманы Наталья Горянская мен «Тотал-Сервис» ЖШС-нің маманы Қаламқас Әлжанова 36 қатені түзетуге көмектесті. Айта кетерлігі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өз тарапынан жарнамаларда кемшілік жіберген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал, акцияға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан облыс тұрғындарына дипломдар мен ақшалай сыйақы табыс етілді.