Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тоқтар Жақаштың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мәссаған! Ресейдің мына сайтында Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың оңтайлы жолдары жайлы жазылыпты. Астындағы комменттерді оқысаңыз — шошисыз! Жарты Ресей осында көшіп келмекші ме, бірдеңе.
Оу, өкімет! Оу, депутаттар!
Азаматтық алу мәселесін қайталап қарап шығыңыздыр! Қазақ тілі мен тарихын білуді міндеттеу керек. Депозитке 3 миллион емес, 50 миллион теңге салсын! Тағы не бар еді? Барлық мәселені жан-жақты ескеріңіздер! Ертең бармақ шайнап қалмайық!", деп жазды.
"Осы сілтеменің астына "Қазақстанда бәрі жаман" деп жаза берейік!", "Жуас түйе жүндеуге жақсы деп бұл атаңа нәлеттер Қазақ елін әбден біліп алған," "жуас үйді қонағы билейді бұлар көбейсе орыс атауы бар елді мекеннің бәрі орыстікі деп меншіктеніп, орысқа қосыламыз демей ме", "үй ішінен үй тігеді бұған кінәлі орыс атаулы елді мекендердің атын қазақшаламай ежелгі атауларын қайтарып бермей топастанып отырып алған халық пен ел басшылары кінәлі тездетіп, сол атауды қазақшалау керек", деп жазды оқырмандар.
Мәссаған! Ресейдің мына сайтында Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың оңтайлы жолдары жайлы жазылыпты. Астындағы…
Posted by Тоқтар Жақаш on Tuesday, March 8, 2022