БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне не үшін тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әрине мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тіл білу деңгейімді көтеру керек. Жарты жыл уақыт беріңіз. Содан кейін қойған сұрақтарыңыздың бәріне қазақ тілінде жауап беремін. Жауап сапалы болу үшін орысша беріп тұрмын», – деді министр.