Жартылай финалда "Барселона" мен "Реал" және "Манчестер Юнайтед" пен "Шальке-04" командалары кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жартылай финалда "Барселона" мен "Реал" және "Манчестер Юнайтед" пен "Шальке-04" командалары кездеседі

Жартылай финалда "Барселона" мен "Реал" және "Манчестер Юнайтед" пен "Шальке-04" командалары кездеседі

Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының жартылай финалында Испанияның «Барселона» және «Реал» командалары, сондай-ақ Англияның «Манчестер Юнайтед» және Германияның «Шальке-04» клубтары кездеседі.

  • 14 Сәуiр 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» қос ойынның қорытындысы бойынша тиісінше «Челси» (Англия) мен «Шахтер» (Украина) клубтарын жеңіп, жартылай фитналға шыққан болатын. Ал олардың қарсыластары кеше өткен қарымта ойыннан кейін белгілі болды. «Реал» сырт алаңда Англияның «Тоттенхэм» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Бұл командалар арасындағы Испанияда өткен бірінші матчта 4:0 есебімен «Реал» жеңіс тойын тойлаған болатын. Осылайша қос матчтың нәтижесі бойынша испаниялық клуб келесі кезеңге шықты. Ал «Шальке-04» командасы болса қарымта ойында өткен маусымдағы чемпиондар лигасының жеңімпазы Италияның «Интер» клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Италияда өткен бірінші ойында неміс клубы 5:2 есебімен қарсыласын қапы қалдырған еді. Осылайша екі ойынның нәтижесі бойынша 7:3 есебімен басым түскен «Шальке-04» командасы өз тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. «Барселона» мен «Реал» және «Манчестер Юнайтед» пен «Шальке-04» клубтары арасындағы жартылай финалдың алғашқы ойындары сәуірдің 19-ы және 20-сы күндері өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера