Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
– Ал енді мен орысша сөйлейін, қателік болса айып етпеңіздер. Жириновский, Никонов секілді жартылай сауатты саясаткерлер, мен сендерге өз тілдеріңде үндеу жасаймын. Себебі, сендер қазақтың бай, шұрайлы тілін түсіне алмайсыңдар. Сендер әртүрлі амалдар арқылы біздің бірлігімізді бұзып, тәуелсіздігімізге зиян тигізгілерің келеді. Бірақ бәрі түсінікті. Ашығын айтсам, мен сендерді аяймын. Қазақстан тек көпұлтты мемлекет қана емес, елімізде өмір сүретін 100-ден астам ұлт өкілдері бізге дос болып қана қоймай, туысымызға айналды. Сондықтан қолдарыңнан ештеңе келмейді, – деді ақын.