Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпаратқа байланысты Атырау-Маңғыстау бағытындағы поездың қозғалысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпаратқа байланысты Атырау-Маңғыстау бағытындағы поездың қозғалысы тоқтатылды

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпаратқа байланысты Атырау-Маңғыстау бағытындағы поездың қозғалысы тоқтатылды

Атырау теміржол бекетінің кезекшісіне 12-ақпанда 16 сағат 20 минутта Атырау-Маңғыстау бағытындағы №213 поездың 7 және 8 вагондарының ортасына жарылғыш зат орнатылғандығы туралы белгісіз біреуден ақпарат келіп түскен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Атырау облысы Мақат ауданы «Доссор» станциясында өткізілген арнаулы шаралар нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Сөйтіп, жалған ақпараттың кесірінен 16 сағат 20 минут пен 18 сағат 10 минут аралығында аталмыш поезд тоқтап тұруға мәжбүр болды. Ал басқа бағыттағы отарбалардың қозғалысына кедергі келген жоқ.

Соңғы жаңалықтар