Жарияланды: 400

Жарылғыш затқа қатысты оқиғадан соң ҰБТ кейінге шегерілді

Түркістанда бүгін  жалған телефон қоңырауының  салдарынан Ұлттық бірыңғай тест  кейінге қалдырылды. Белгісіз біреу Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

Бұл кезде оқу ордасының ғимаратында түлектер тест тапсырып жатқан болатын. Тест сұрақтары да таратылып қойған екен. Шұғыл ақпарат түскен бойда ғимараттан 650-ге тарта талапкерді жедел түрде шығаруға тура келді. Оқиға орнында жарылғыш затты  бес сағатқа жуық іздеген құтқарушылар мен тәртіп сақшылары ақыры ештеңе таппады. Қазір бомба туралы жалған ақпар берген адам іздестірілуде. Ал емтиханнан қалған түлектердің бүгінгі легі тестті  қайта тапсырады. 

Сәуле Жарқынбекова, ОҚО Білім басқармасы бастығының орынбасары:

- Бүгінгі орын алған жағдайларға байланысты ҚР  Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, тест өткізу 10-шы маусымға қалдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін