53 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін қыздардың сайысы сағат 16-да басталады. Ал 69 келіге дейінгі салмақтағы ерлер сапында жастар арасындағы әлем чемпионы Альберт Линдер ел намысын қорғайтын болады.
Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.
Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде 72 елден 538 спортшы бақтарын сынауда.. Оның 315-і ерлер болса, 223-сі әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.