Жас әкімдердің саны 19 пайызға артты - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас әкімдердің саны 19 пайызға артты - ҚР БҒМ

Жас әкімдердің саны 19 пайызға артты - ҚР БҒМ

2013 жылдан бері жас әкімдердің саны 19 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті.

  • 23 Қазан 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан xалқының 4,5 миллионы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар болып табылады. Олардың 2,2 млн. жұмыс істесе, 1,8 млн. — оқиды. Вице-министрдің айтуынша, жастар саясаты өзінің жемісін беруде, елде жастар арасындағы жұмыссыздық саны 5,5 пайыздан 4,5 пайызға дейін төмендеген. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдаймен салыстырғанда жастар арасындағы қылмыс саны 10,7 пайызға азайды.

«Жастардың сайланатын билік органдарындағы үлесі де артуда. Елдегі 29 жасқа дейінгі жас әкімдердің саны 143-ке жетті. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19 пайызға жоғары», — деп атап өтті ол.


Т. Балықбаев атап көрсеткеніндей, Қазақстанда келесі жылы жастардың республикалық және аймақтық форумдары ұйымдастырылады. Олар жастар саясаты талқыланатын арнайы форумдар болмақ. 

Соңғы жаңалықтар