«Жас қалам» жыр байқауына шығармалар қабылдайды, деп хабарлайды Алматы қаласының мәдениет басқармасынан.
Мүшәйраға қатысуға ниет білдірген жасы 35-ке дейінгі ақындар Алматы қаласына арнаған өлең-жырларын жолдай алады.
Шығармалары үздік деп танылған таланттарды марапаттау рәсімі «Қала күні» мерекесі аясындағы «Ана тілім ардағым» байқауында салтанатты жағдайда өтеді. Бұл жерде жүлдегер ақындар өз шығармаларын оқуға мүмкіндік алады, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Ақындар өлеңдері мен өздері туралы мәліметтерді info@almatymadeniet.kz электронды поштасына жолдауларына немесе 272 58 81 анықтама телефонына хабарласып, мүшәйра туралы білулеріне болады.