Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
23 жасында Англиядағы оқуын аяқтап келген Құралай Анарбековаға ата-анасы "тұрмысқа шық" деп қолқалапты. Бірақ, Құралай ол уақыттарда дайын емес екенін айтып, карьералық жолға түседі. (Құралай Анарбекованың бүгінде жасы 33-те).
Айтуынша, қазір отбасын құруға дайын.
"Өмірдің соңына дейін түсіністікпен бірге тұра алатындай жанды осы уақытқа дейін іздегенмін. Таптым", — дейді.
Алайда, актриса сүйіктісі туралы ақпаратты құпия қалдырды. "Сенен жасы кіші ме?" деген сауалына күліп жауап берген Құралай Анарбековаға журналист "Дәл таптым-ау деймін" деген.
Кейіннен журналист "Жас баланы алдап жүрген жоқсың ба?" деп сұрайды. Құралай Анарбекова "Жоқ. Менің ондай қасиетім жоқ", — деп жауап берген.