Жас депутат Мәди Ахметов министр Аймағамбетовке шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас депутат Мәди Ахметов министр Аймағамбетовке шүйлікті

Жас депутат Мәди Ахметов министр Аймағамбетовке шүйлікті

 

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 11404
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Мәди Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Оның айтуынша, 2014 жылдан бері «Серпін-2050» бағдарламасы іске асып келеді. Бүгінгі күні бұл бағдарламаның іске асуы бәсеңдеп қалған.

— Әлеуметтік жоба аясында еліміздің 25 ЖОО-да жүргізілуде. Осыдан 7 жыл бұрын үлкен қарқынмен бастау алған бағдарлама жыл өткен сайын бәсеңдеп, бітіруші түлектердің қызғушылығы төмендеуде. Соңғы 6 жыл ішінде «Серпін-2050» бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік бюжет есебінен бөлінетін 25,7 млрд теңге қаржыны жұмсау тиімділігі ешқандай сын көтермейді. Уақытылы қаржыландыруға қарамастан тұрақты жұмыс және үй мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған. Ең өкініштісі бағдарлама түлектерінің тек төрттен бір бөлігі білім алған аймақтарында тұрақтамаған, — деді ол.

Жас депутаттың мәлімдеуінше, бағдардамадағы олқылықтарға қарамастан Білім және ғылым министрлігі алдағы 2021-2023 жылдарға қомақты қаржы бөліп қойған.

— Павлодар қаласында 2018 жылы оқуға түскен студенттердің 70 пайызы оңтүстік аймаққа қайта оралған. Аталған мәселе біздің фракция депутаттары мен мәжіліс қабырғасында бірнеше рет көтерілді. Тіпті бірінші сессиясының жабылуында Білім және ғылым министріне нақты сауал жолданған болатын. Әріптестерімнің сынынан кейін бағдарламаны жетілдіру үшін министрлік жанынан құрылған жұмыс тобының бір ғана отырысы өтті. Екі айда атқарылған іс сонымен шектелген, — деді Мәди Ахметов.


Оның сөзінше, жоба жұмыссыздар санын азайтудың орнына орта жолдан оқуын тастап кететін НИТ санатындағы жастарды көбейтуде. — Осыдан он күн бұрын солтүстікке барып жағдайды бағамдап баяғы жартас сол жартас екеніне көзім жетті. Нақты нәтиже жоқ. Серпін бойынша Қозыбавы атындағы Солтүстік Қазақстан университетін биыл бітірген 237 түлектің тек 31 ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал қалған 200 астам маман мемлекет қолдауынан тыс қалып отыр. Сонда келер жылы бітіретін 342 жас маманның тағдыры не болады, — деді ол.