Жас екібастұздықтарға арнап футбол және спорт алаңдары салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас екібастұздықтарға арнап футбол   және   спорт  алаңдары салынады

Жас екібастұздықтарға арнап футбол және спорт алаңдары салынады

Ағымдағы жылы Екібастұзда балаларға арналған алты спорттық-ойын алаңы мен футбол алаңы салынады.

  • 18 Қаңтар 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт бөлімінен хабарлады.

Бүгінде қала мен қала маңындағы селолық аумақта 210 спорттық нысан, атап айтқанда 2 спорт кешені, стадион, 62 спорт зал, 5 бассейн, 15 тир, ипподром, 115 спорттық алаң, 9 хоккей корты жұмыс істеп тұр. Бес мың баланы спортқа баулып отырған 5 спорт мектебі тағы бар.

Былтыр қаланың алты муниципальдық округінде балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынды.Олардың құрылысына қалалық бюджеттен 13,5 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру үшін спорт нұсқаушыларының қосымша алты ставкасы енгізілді. Жол картасының аясында №1 балалар спорты мектебі жөндеуден өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жұмыстары биыл да жалғасын таппақ.