Жас орындаушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас орындаушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті

Жас орындаушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті

Жас орындаушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында республикалық жас орындаушылар байқауының салтанатты жабылу рәсімі болды.

  • 1 Сәуiр 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

Екі жылда бір рет өткізілетін республикалық байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақ ұлттық өнер университеті бірлесе ұйымдастырған болатын.

Орындаушыларды марапаттау рәсімі барысында аспапта орындау мамандықтары бойынша «фортепиано», «скрипка», «альт», «виолончель» аталымдарына сәйкес жеңімпаз атанған жас дарындарға дипломдар табыс етілді.

«Республикалық байқау — әр орындаушы өміріндегі айтулы оқиға, себебі кез келген жарыс қол жеткізген жетістіктердің көрсеткіші болып табылады. Байқау барысында қатысушылардың өнеріне берілген баға жас дарындарды анықтау ғана емес, сонымен қатар музыка саласындағы болашақ мамандарды даярлау үрдісіне жасалған сараптама деуге болады. Осындай байқаулардың отандық және келешекте шетелдік сахналарда өнер көрсететін жас таланттарды анықтаудағы маңызы зор», — деді жеңімпаздарды марапаттау барысында Әлем әртісі Айман Мұсақожаева.

Перейти к новостям спорта