Caravan Logo

"Жас Отан" автомектептердегі сыбайлас жемқорлық сипатын тексеруді жоспарлауда

"Жас Отан" автомектептердегі сыбайлас жемқорлық сипатын тексеруді жоспарлауда

Лаврентий Бобрышев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз мониторинг жүргізіп, жас жүргізушілер тарапынан автомектептер арқылы жүргізуші куәлігін алу үшін пара беру, сапасыз білім беру деректерін анықтайтын болсақ, жол полициясы комитетіне осындай автомектептердің лицензиясын қайтарып алуға бастама көтеріп хат жазатын боламыз", - деді Л. Бобрышев.

Оның айтуынша, "бұл жұмыстарды "Жас Отан" Қазақстан жастарының Конгрессі, Қазақстан студенттерінің альянсы, Қазақстандағы ауыл жастарының одағы, жалпыреспубликалық "Қарсы" жастар қозғалысымен бірлесе ұйымдастыруда".