«Біз ескі көзқарастың бұғауынн шыға алмай отырмыз: елімізде еңбекке қабілетті жастары көп өңірлер бар, ондағы жастар жұмысқа орналаса алмай жүргенімен, ешқайда қозғалғысы келмейді», — деді Н. Назарбаев.
«Ал қазір біз жаңаша жағдайда өмір сүріп жатырмыз, онда халықтың еңбек миграциясы қажетті», — деді ол. «Мәселен, таяудағы жылдарда Каспий қайраңындағы және одан тысқары жерлердегі байлық — мұнайды игеру үшін бізге 150 мың жаңа жұмысшыларды тарту қажет. Сол себепті мен мұнайшыларды дайындайтын оқу орындарын еңбек жасындағы жастары басым аймақтарда — Таразда, Шымкентте, республиканың орталық өңірлерінде ашуға тапырма бердім», — деді мемлекет басшысы.
«Ал одан кейін осы оқу орындарының түлектері жолдамамен өздері қажет болатын бағытта жұмыс істесін», -деді ол.
«Осында, Астанада, тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарда адамдар жетпейді, жастарды солай қарай жіберу керек. Сол себепті «Жас Отан» мектеп түлектеріне қайда барып, не істеу керектігін түсіндіруі абзал», — деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті