«Жас Отан» және Бүкілқытай жастар федерациясы ШЫҰ аясында ықпалдастықты кеңейтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жас Отан»  және Бүкілқытай жастар федерациясы ШЫҰ аясында ықпалдастықты кеңейтуде

«Жас Отан» және Бүкілқытай жастар федерациясы ШЫҰ аясында ықпалдастықты кеңейтуде

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты және Бүкілқытай жастар федерациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында екіжақты ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды.

  • 11 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты — екі елдің арасындағы жастар саясаты саласында ынтымақтастық орнату және бір-біріне көмек жасау, өзара мәдени қарым-қатынас жасау, білім беру салаларындағы мәселелерге назар аудару», — дейді «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев.

Оның айтуынша, Қытай коммунистік жастар одағының және «Жас Отан» жастар қанатының арасында 2009 жылдан бастап жүйелі түрде осындай қарым-қатынас жүргізіліп келеді. Кеше Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің IV мәжілісі өткен болатын. Сол отырыста Қазақстанның ұлттық бөлімшесінен Қытай ұлттық бөлімшесіне төрағалық берілді. Екі ел жастары ШЫҰ аясында жастардың түйткілді мәселелерін халықаралық деңгейде ілгері жылжытып, көтеретін болады.

Бүкілқытай жастар қауымдастығы Қытайдың коммунистік жастар одағы болып табылады. Оған 52 ұйым және ҚХР Үкіметі тарапынан берілген өкілеттіліктің негізінде 300 миллионнан астам жас мүше болып отыр.

Сапар барысында Қытай делегаттары Астанада бірнеше шараға қатысады деп күтілуде.

Н. Өтешевтің айтуынша, «жасотандықтар» мұндай келісімдерді Ресейдің «Единая Россия» партиясының «Малая гвардия» жастар қанатымен, «Ени Әзірбайжан» саяси партиясының жастар комитетімен және Қырғызстанның бірқатар партияларының бірнеше жастар ұйымдарымен жасасқан.

Соңғы жаңалықтар