Жас пианистердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас пианистердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады

Жас пианистердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады

"Astana Piano Passion" бірінші халықаралық жас пианистер байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады.

  • 11 Ақпан 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарлады.

Байқауға түрлі елдердің және Қазақстанның ең шалғай аудандарының балалары қатысады деп күтілуде. Байқаудың талаптары жарияланғаннан кейін әлеуетті қатысушылар ұйымдастыру комитетіне бағдарламаға нақты дайындалып, бейнематериалдарды уақытында жіберу үшін өтінім қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады.

Ұйымдастыру комитеті өтінім қабылдау мерзімін 20 наурызға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Бұл іс-шара байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің пікірінше, жас пианистердің байқауға көптеп қатысуына және өз елі мен аймағының намысын абыроймен қорғауына дайындалуға мол мүмкіндік береді. «Astana Piano Passion» халықаралық жас пианистер байқауы әлемдік музыка байқауларының барлық шарттарына толық сәйкес келеді. Бағдарламаның күрделілігі осыған байланысты болуда. Дегенмен, талантты балалар дайындықты қазірдің өзінде бастап кетті.

Еске салайық, Астанада 2013 жылдың 10-16 мамыры аралығында өтетін «Astana Piano Passion» бірінші халықаралық жас пианистер байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау 10 қаңтарда басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары — Астана қаласы әкімдігі мен «Accordi di Astana» қоғамдық қоры.

Байқауды өткізу фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды тауып, қолдауға, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайтуға, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің ұлттық мектептері арасында шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде өскелең жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің рухани маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет.

Перейти к новостям спорта