Байқау Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, қазақ ұлтының, жас ұрпақтарының орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
І тур — сағат 10.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)
ІІ тур — сағат 18.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)
Облыстық іріктеу топтан өткен жас орындаушылар 2013 жылдың мамыр айында өтетін республикалық «Жас Қанат» байқауына қатысуға жолдама алады.
Байқау шарты: Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән ансамбльдері қатысады;
Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды, бірақ, әннің өңделуі міндетті түрде заман талабына сай болады.
Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;
Кіру тегін.