Эльдар Омаров, Астана, № 13:
— Маған он үшінші нөмерлі сан түскеніне өте қуаныштымын. Шынын айтсам, оныншы қатысушыдан кейін сахнаға шығуды жоспарлаған болатынмын, себебі көбінесе соңғы өнерпаздар көрермен қауымының есінде қалады. Сондықтан да осы тұрғыда қатты алаңдап отырғаным жоқ, өйткені символикалық сандарға мүлдем назар аудармаймын.
Данияр Жәутіков, Өскемен, № 1:
— Концертте бірінші болып шығу — үлкен жауапкершілік. Көптеген байқауларда тартқан жеребелерде бірінші нөмір маған тиетін. Ең бастысы — өзімнің жетекшімді жерге қаратқым келмейді. Осы орайда өзімнің өнерімді көпшілікке паш етіп, қазылар алқасының көңілінен шығып, көрермендердің есінде қалғым келеді.
Меруерт Тойбекова, Қарағанды, № 7:
— Ішімнен жетінші нөмірде сахнада шығатынымды сезінген болатынмын. Сондықтан да жеребе нөмірлері жатқан үстелге қарай сенімді қадам бастым. Осы байқауда сәтті өнер көрсетемін деп ойлаймын, себебі жеті саны — қазақ халқы үшін қасиетті сан. Салтымызда осы санға байланысты түсініктер жиі кездеседі.
|
№ |
Қатысушы |
Қала |
|
1 |
Данияр Жәутіков |
Өскемен |
|
2 |
Нұржан Зұлпықаров |
Арыс (ОҚО) |
|
3 |
Батыржан Бағдат
|
Астана |
|
4 |
Мірзат Молдаханов |
Көкшетау |
|
5 |
«Хан тәңірі» дуэті |
Талдықорған |
|
6 |
Нұрсұлтан Қарабалиев |
Орал |
|
7 |
Меруерт Тойбекова |
Қарағанды |
|
8 |
Айқын Мағауияұлы |
Әйтеке би (Ақтөбе облысы) |
|
9 |
Алия Әукенова |
Семей |
|
10 |
Айдар Хиттенов |
Аягөз (ШҚО) |
|
11 |
Еркебұлан Құмаров |
Ақтөбе |
|
12 |
Шоқан Әбдіқан |
Қызылорда |
|
13 |
Эльдар Омаров |
Астана |
|
14 |
Рухия Байдүкенова |
Талдықорған |


